Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Инклюзивті білім беруді барынша күшейту керек
    Жаңалықтар

    Инклюзивті білім беруді барынша күшейту керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен кезекті селекторлық жиында өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік ұйымдарында еңбек заңнамасын сақтау және жалақы қарыздарын болдырмау, ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері талқыланды.

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева облыста мүгедектердің қатары көбейгенін жеткізді. Мұның себебін баяндамашы облыста жаппай жүргізіліп жатқан скрингтік тексерулермен байланыстырады. Анықталғандардың басым бөлігі туабітті мүгедектік, жүре байқалатын дерт екен. Сондықтан денсаулық сақтау органдары мүгедектіктің алдын алу мақсатында скринингтік шараларды күшейтуі керек. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын, спортпен шұғылдануды, тұрғын үйлердің алдында спорт алаңшаларын дамытуды насихаттап, бірлесе жұмыс атқару маңызды.

    Облыста өздігімен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер мен мүгедек балалар үшін 13 инва, 33 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Алайда, инватакси Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Төлеби аудандары ғана бар. Биылға Отырар, Түлкібас аудандарында қаржы қаралыпты. Қалған қала-аудандарда бұл жұмыс қолға алынбаған.

    Мүгедектерді баспанамен қамтудың басты мәселе екенін атап айтқан облыс басшысы инклюзивті білім беруді күшейтуді міндеттеді. Атқарылған жұмыстарды тағы да жетілдіру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеп, оны облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң қадағалауды тапсырды.

    Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Бастар Есқараевтың айтуынша былтыр басқарма 278 мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Қорытындысында 477 заң бұзушылық анықталған. Жұмыс берушілерге тиісті нұсқамалар беріліп, еңбек заңнамасының бұзғандарға 5 миллионнан астам әкімшілік айыппұл салынған.

    Басқарманың міндеті заңбұзушылықтарды анықтау ғана емес, түзеуге көмектесу екенін еске салған Жансейіт Қансейітұлы бұл мәселені реттеуді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырға жүктеді.

    Ал, Кәсіпкерлік, индустиялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев ЭКПО – 2017 халықаралық көрмесі кезінде өңірімізге келетін қонақтар үшін 6 бағытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның айтуынша, облыста көрме билеттері «Қазпошта» бөлімшелерінде өткен жылдың қарашасынан бері сатылып келсе, наурыз айынан бастап «Мега-планет» пен «Шымкент-плаза» сауда орталықтарынан алуға болады. Бүгінде ұлттық компания билеттерді көптеп сатып алғандарға 10, 25, 50 пайыздық жеңілдіктер акциясын ұсынуда. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып 90 мың билет сатып алуды көздеген туристік компаниялар бар екен. Бірақ, оларға билеттер құнын өсіруге қатаң тыйым салынады. Яғни, ең төменгі билет 4000 мың теңге тұрса, оны жеңілдікпен сатып алған компания сол бағадан артыққа пұлдай алмайды. Енді облысқа ЭКСПО-ның қанша қонағы келетіні нақтыланып жатыр.

    Тиісті салалардағы атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған облыс әкімі тиісті сала жетекшілеріне міндеттеріне алған істі сапалы да, тиянақты етіп орындауды тапсырды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.