Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҰҚК желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтатуға қатысты түсінік берді
    Жаңалықтар

    ҰҚК желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтатуға қатысты түсінік берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҰҚК байланыс желілері мен Интернетке қол жеткізуді тоқтатуға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Байланыс туралы» Заңның 41-1 бабы, келесі мазмұндағы 1-2 тармағымен толықтырылды:

    «Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.

    Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады»;

    Бұдан өзге көрсетілген баптың 1) тармақшасы, 3-тармағы келесідей өзгертілді:
    1) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманы немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті»;

    Қазіргі кезде заңнамада көрсетілген өзгертулерге кейбір субъектілер тарапынан теріс түсінік беру байқалып жатыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті біршама түсініктемелер беруді қажет деп тапты.

    Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жоғарыда көрсетілген құқық нормасы өңірлік интернет-сервистері мен байланыс желілерін жаппай тоқтатуды көздемейді, себебі қолданыстағы заңнамада Бас прокурор мен байланыс саласындағы уәкілетті органға антитеррорлық операция жүргізу барысында, қоғамдық тәртіп пен БАҚ саласындағы өзге де заңнамаларды бұзушылық туындаған жағдайда желілер мен байланыс құралдарын пайдалануды шектеу үшін құқықтық негіз қарастырылған («Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары).

    Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдары тарапынан байланыс қызметін тоқтату туралы шешім ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға соқтыруы мүмкін сыбайластарын ақпараттандыру және іс-әрекетін үйлестіруге жол бермеу мақсатында нақты абоненттерге қатысты қабылданатын болады.

    Cондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, желілер мен байланыс құралдары қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісілген жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығы негізінде тиісті операторлармен іске асырылатын болады.

    Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.