Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ғабидолла Әбдірахымов Абай ауданы әкімінің есебін тыңдады
    Жаңалықтар

    Ғабидолла Әбдірахымов Абай ауданы әкімінің есебін тыңдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының әкімі Абай ауданына қарасты елдімекендердің өзекті проблемалары шешімін табады деп уәде етті. Аудан әкімі Ахмет Татыбаевтың қорытынды есебіне қатысқан қала басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, аймақтың тынысынан хабардар болды. Жамағатты ауыз су, көгілдір отын, сапалы электр жүйелері және қоғамдық көліктің мәселесі толғандырады. Құрамына басым бөлігі қаланың шеткі аумақтары кіретін ауданның, жері де, халқының саны да аз емес.  Сондықтан мұндағы басты мәселелердің назарда екенін айтқан Ғабидолла Әбдірахымов қорытынды сөзінде  тұрғындарды тазалық пен өмір сүру мәдениетіне мән беруге шақырды.

    Жаңаталап елдімекеніндегі №81 Жалпы орта мектебінде өткен аудан әкімінің қорытынды есебіне Шымкент қаласының әкімі қатысты. Елбасы Жолдауын басшылыққа ала отырып, есебін бастаған Абай ауданының әкімі бұған дейінгі кездесулерде тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер мен ұсыныстардың орындалу барысын баяндады. Бүгінде аумағына 12 тұрғын үй алабы мен 21 шағынаудан кіретін Абай ауданында атқарылатын жұмыстар жетерлік. Өз сөзінде осылай деген Ахмет Татыбаев өткен жылы  жүзеге асқан істердің легін атап өтті.5555Есепті баяндамадан соң мінбеге шығып сөз алған тұрғындар әкім жұмысына қанағаттанарлық бағасын беріп жатты. Дегенмен, көпшіліктің көкейінде жүрген тілектері жоқ емес. Қаланың қырынан аспайтын қоғамдық көліктер, діттеген жерге қатынамайды. Көшелерді жарықтандыру, баспаналарына жететін жол бағыттарының жөнделуі бас ауыртқан мәселе дейді тұрғындар.

    Абай ауданының аумағына кезінде Сайрам ауданынан қосылған елдімекендер мен оралман қандастарымыздың орналасқан аймақтары кіреді. Кезінде заңсыз салынған үйлердің қатары да дәл осы ауданда өршіген. Алайда әкімшілік тарапынан оларды заңдастыру жұмыстары қолға алынып, тиісті шаралар жүзеге асты. Дегенмен есепті кездесуде тұрғындар тарапынан дәл осы мәселеге қатысты тағы да сауалдар туындады.

    Жиында жарыссөздің жалғасы аудан тұрғындарының сауалына ұласты. Бекітілген уақыттың өзінде жазбаша сауалдар мен айтары бар ағайынның  көп болғандығын аңғаруға болады.

    Аудан тұрғындары көтерген мәселелердің басым бөлігі коммуналдық салаға қатысты болды. Ауданның аумағындағы тұрғын үйлер мен халқының саны жылдан жылға ұлғайып келеді. Сондықтан мұндай мәселелердің түйіні де кезең-кезеңімен шешіледі. Ал кезек күттірмейтін өзекті проблемалар назардан тыс қалмайды деп уәде етті қала әкімі. Осылайша тұрғындарды тазалыққа, мәдинеттілікке шақырған Шымкенттің әкімі алдағы уақытта Абай ауданына қарасты шахардан шалғай елдімекендерді назарға алып, мәселесі бар мекендерді  аралауға кірісетінін жеткізді.

    Жомарт Бегімбетов

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.