• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-ның жаңа Даму концепциясы жасалды

19.01.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың лауазымды қызметке кіріскеніне үш айдан асты. Осы аралықта өңір басшысы облыстың барлық-аудан қалаларын аралап, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен жете танысып шықты. Жергілікті тұрғындармен, қоғамның белсенді азаматтарымен жиі кездесіп, халықтың ортасындағы маңызды мәселелерді анықтады. Нәтижесінде барлық саланы қамтитын Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа Даму концепциясы дайындалды.

Облыс басшысы осы аралықта аудан-қалаларға 19 рет іссапарға шықты. Сапар барысында 91 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Үш айда Ж.Түймебаев 14 шетел елшілерімен, және бизнесмендерімен кездесті. Оның ішінде БҰҰ, Түркия, Қытай, Швейцария, Франция, Венгрия, Катар, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері бар. Сонымен қатар шетелдіктердің қатысуымен халықаралық форум мен халықаралық бизнес конференция ұйымдастырылды.

Облыс әкімі 150-ден астам іс-шараға қатысты.

Оңтүстікте соңғы тоқсанда Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 7 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 735 жұмыс орны ашылды.

Индустриялық аймақтарда 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. 400 жаңа жұмыс орны ашылды.

Осы аралықта өңір басшысы 30-дан астам инвестормен кездесіп, ОҚО-ға тартылатын инвестиция мәселесін талқылады. Бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Ұйымдастырылған 12 бизнес-форумға қатысып, сөз сөйледі. Оның ішінде Қазақ-Өзбек бизнес-конференциясы, БАҚ форумы, Іскер әйелдер форумы бар.

Тәжірибе алмасу мақсатында Оңтүстіктің денсаулық, мәдениет, білім саласының 110 маманы бір аптаға Түркияға тәжірибе алмасуға барып қайтты. Бұл делегацияның Түркиядағы болу шығынын түгел түрік тарапы көтерді. Енді тағы 40 маман сапарға дайындалуда.

Облыс ардагерлерімен және зиялы қауыммен, ұлттық мәдени орталық жетекшілерімен, республикалық және облыстық БАҚ журналистерімен, діни конфессиялардың облыстағы жетекшілерімен, кәсіпкерлер­мен, мәдениет өкілдерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен, жастармен, спортшылармен жалпы 22  кездесу өткізді.

Мәдениетті дамыту қоры құрылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мәдени салада еңбек етіп жүрген 25 танымал тұлғаға тұңғыш рет облыс әкімінің 500 мың теңгеден сыйақысы тағайындалды. Бұл үрдіс жалғасын тауып, жыл сайын мәдениет саласына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін болды.

Аталған уақыт кезеңінде облыс әкімінің бастамасымен Шымкент қаласында көгалдандыру жаңаша қарқын алып, 52 мың көшет, 300 мың қызғалдақ және раушан гүлдері егілді.

Облыс орталығының кенжелеп қалған шеткі аудандарын дамытып, қараусыз қалған сай-салаларды саялы саябаққа айналдыру мақсатында «Шатқал» бағдарламасы қабылданды. Еліміздегі ерекше жоба 14 қаңтар күні басталды. Аталған жоба аясында сәуір айына дейін 100 мың тал отырғызылады. Нәтижесінде ондаған шатқал саябаққа айналады.

Тұңғыш рет Түймебаев Оңтүстікке инвестиция тарту мақсатында «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» республикалық акциясын өткізіп, өңірімізден шыққан атақты меценаттармен облыстың ерекше жобаларын қаржыларындыруға келісім жасауға кірісті.

Кәсіп ашуды көздеген іскер азаматтарға жер беру бойынша 14 қаулыға қол қоюды  тездетіп, бір аптада шешім шығару үрдісі енгізілді.

Облыстағы аудан-қалалардың жекелей Даму концепцияларын жасау қолға алынды. Әр ауданның, әр қаланың ерекшеліктерін пайдалануға баса мән беріледі. Өңір басшысының арнайы тапсырмасымен эксперттік топ алғашқы жоба ретінде Төлеби ауданының бір жылдық даму концепциясын жасап шықты. Мұнда жалпы емес, жекелеген отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына айрықша көңіл бөлінді.

Оңтүстікте туризм кластерін дамытудың ауқымды жоспарын жасауға кірісті. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында қонақтарға арнап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 және 5-күндік туристік маршруттар жасалды. «Recommended by EXPO» белгісі беріліп, «Шымтур», «Саэль тур» және «Мирас тревел» туристік ұйымдарымен меморандумға қол қойылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес үш ірі мегаполистің біріне айналуды жоспарлаған Шымкенттің сәулеттік, инфрақұрылымдық жобасына жаңа бағыттар енгізілді. Мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы үй салу, тұрғындарға ұсыну мәселесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өте белсенді жүргізілді. Соңғы үш айда 1865 пәтер пайдалануға берілді. Осы кезеңмен тоқтамай алдағы уақытта да «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көпқабатты үй тұрғызу барынша қарқын алады.

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы шекара аймағында сауда аймағын құру қолға алынды. Тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Екі елде еркін қатынау үшін Самарқан-Шымкент-Түркістан және Шардара-Жетісай-Жызақ бағытында автобустар жүргізіледі.

«Түркістан 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген халықаралық мәртебені иеленді. Енді жыл көлемінде Түркістанда халықаралық деңгейде өте тартымды мәдени шаралар басталады. Бұл Оңтүстіктің мәденеиеті мен өнерін таныту үшін тың серпін береді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.