Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізген болатын. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелелер қарастырылған болатын. Қос ел башыларының ресми кездесуінен соң елімізге аспан асты елінен бірқатар инвесторлар келіп өзі жұмыстарына бастап-ақ кетті. Бүгінде қызтай инвесторларымен салынған кәсіпорындар аймақтың әлеуметтік-экономикалқ әлеуетін арттыруға өз ықпалын тигізіп келеді. Әрі қарай да көрші мемлекеттін ұсыныстар әлі жалғасып келеді. Біздің еліміз стратегиялық маңызды орналасқан, бизнес жүргізу үшін қолайлы ортасы бар, инвесторлардың құқығын қорғайды және инвестициялық стимулдарды қолданады.
Мәселен, өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды.
Екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатындағы кешенді шаралар «KIT» бизнес қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен форуммен жалғасты. B2B форматындағы жиында жергілікті кәсіпкерлер тамақ өнімдері мен полиэфир материалдарын өндіретін жеңіл өнеркәсіп бағытындағы қытайлық компаниялардың өкілдерімен ақпарат алмасты. Бизнес өкілдеріне тауарларын шет елге экспорттау, басқа да серіктес компаниялармен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері ұсынылды.
Қытайлық 35 компанияның өкілдері қатысқан жиынның қорытындысында Шымкент каласы әкімінін орынбасары А. Кәрімов, Қытай Халық Республикасы ШҰАР Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли, Қытай Халық Республикасының Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы сауда басқармасының партиялық тобының хатшысы Чэн Сяофэн коммерциялық құжаттарға қол қою рәсіміне куә болды.
Айта кетейік, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы тауарайналым 291,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазір қала аумағында қытайлық инвесторлардың қатысуымен 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 60 миллион АҚШ долларын құрайтын тағы бір инвестициялық жоба қолға алынуда. «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-нің керамикалық тақташалар өндіретін зауыты 350 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалған.
Бүгінде қай ел болмасын инвестиция салатын аумақты зерт теп барып қана тәуекелге бел буып қаражат салады. Сондықтан да инвестор тарту жұмысы да көп еңбекті талап етеді. Әдетте, инвестор бірінші кезекте өз инвестициясының қорғалу деңгейін бағалайды, ал бұл заңның үстемдігімен, институционалдық ортамен және заңнаманың тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда жақсы жаққа өзгерістер тек құпталады.
Егер әкімнің индексі инвестиция тарту десек. Демек, қолайлы жағдай туғызып, инвесторларды тартқан әкімнің индексі жоғары болары айқын. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті ынталандыру мақсатында Тікелей инвестициялар қоры құрылды, ол тең инвестиция салу қағидатымен инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.