Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Абай ауданының әкімі халық алдында есеп берді
    Жаңалықтар

    Абай ауданының әкімі халық алдында есеп берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы жарлығына сәйкес барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Осы ретте Шымкент қалалық Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев та аудан тұрғындары алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өз есебін қорытты.  2016 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесу «Қатынкөпір» шағын ауданына қарасты №52 жалпы орта мектебінде  өтті. Жиынға аудан тұрғындары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары және де  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов бастаған әкімдікке қарасты дербес бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты. Ал есепті баяндамасын  Елбасы жолдауын басшылыққа ала отырып бұған дейінгі кездесулерде аудан тұрғындары тарапынан түскен сұрақтар талап-тілектер мен ұсыныстардың орындалуынан  бастаған Ахмет Өтегенұлы ауданда 2016 жылы жүргізілген  ауыз сумен қамту жұмыстарының  барысын да атап өтті. Айталық, өткен жылы Самал-3  шағын ауданындағы жоба бойынша 3700-ден астам абонентті ауызсумен қамту бағытында құрылыс жұмыстары басталса, Қызылжар, Ынтымақ шағын аудандары бойынша 2661 үйге су кіргізу мақсатындағы  құрылыс монтаж жұмыстары да аяқталған. Бұл күні жарыссөзге шығып аудан әкімінің жылдық есебіне баға берген тұрғындар айтып өткен мәселелердің дені қоғамдық көліктер жайы, кейбір елді-мекендердегі білім мекемелерінің жетіспей жатқандығы болса, тұрғындардың енді ұрлық әрекеттерінің көбейіп бара жатқандығы алаңдатып отыр. Аудан тұрғындары айтқан өзекті мәселелердің дені коммуналдық салаларға қатысты болғандықтан есепті кездесуде қойылған бірқатар сауалдар бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов жауап беріп, кей проблемалардың биылғы жылы өз шешімін табатындығын  жеткізді. Яғни, елді-мекендерді жарықтандыру жол құрылыстары мен биыл салынатын бірнеше білім мекемесінің қатарында Абай ауданы бойынша жүзеге асырылатын бірқатар жобалар бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.