Шымкент қалалық соты «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын даулардың 1 қыркүйекте күшіне енетін “Азаматтық процестік кодексінің соттылығы бойынша өзгерістері” тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. Жиын барысында дауларды медиация тәртібінде реттеудің ерекшеліктері, алдын-ала сот отырысын жүргізу, істі сот қарауына дайындау ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, кейбір азаматтық істерді соттылығы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына берілетіндігі туралы маңызды мәселелер айтылды.Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кодекстегі негізгі жаңашылдықтардың әділ сот талқылауын қамтамасыз етудегі тиімділігі жөнінде ұсыныстарын жеткізді.


