Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ
    Айғақ TV

    ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.09.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай, Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері Шымкенттегі «Көрме» орталығында ауқымды іс-шарамен басталды.

    Көрмеге Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Хакимзада Құрбан және қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлердің өнімдерімен, тәжік халқының мәдениеті және дәстүрімен танысты.

    — Баршаңызды екі ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтай отырып, қазақ елінің қонақжайлылығына ерекше алғысымды білдіремін. Біздің елдің сауда-экономикалық серіктестері арасында Қазақстанның маңызы зор. Мұнда елімізден ауыл шаруашылығы өнімдері көптеп экспортталады. Қала тұрғындары мен қонақтары осы үш күн мерекеде Тәжік елінің мәдениеті, ұлттық тағамдарымен, өнерпаздарымен таныса алады. Біздің ұқсастықтарымыз көп. Екі елдің достығы арта берсін, — деді Хакимзада Құрбан.

    Ал Қажымұқан стадионында ұйымдастырылған жәрмеңкеге тәжік кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарлары ұсынылды. Жәрмеңкеге 189 тонна анар, алмұрт пен алма, 46 тонна кептірілген жеміс, 85 тонна бақша өнімдері – қауын, қарбыз,асқабақ, 248 тонна көкөніс, 8 тонна бал және 13 тонна өнеркәсіптік тауарлар әкелінген.
    Газдалған, газдалмаған және энергетикалық сусындар, шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер де бар.

    Қала тұрғындары орталық стадионға көптеп жиналып, Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

    Айта кетейік, Орта Азиядағы маңызды сауда-экономикалық серіктесіміз Тәжікстанмен алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Былтыр екіжақты тауар айналымы 20 пайызға өсіп 1,4 миллиард долларға жеткен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.