Үш деңгейлі жолайрықтан тұратын Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Бұл өз кезегінде оқу жылының қарсаңындағы көлік қозғалысының қиындауын біршама азайтады. Бұл жолайрық — қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде — Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде — Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде — оң, жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80% пайызға орындалды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.
Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса жол құрылысы жұмыстарына тек алпауыт монополистерді ғана емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажеттігіне тоқталды. Арайлым