Еңбекші ауданы гүлденіп келеді. Электр жарығымен 98,3%-ға қамтылған ауданда биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы су алу қаупі жоғары деп танылған 21 мекен жайға ирригациялық арықтар орнатылса, биыл 35 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Ауданда бұқаралық спортқа да көңіл бөлінген. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, бүгінде алтауының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Одан бөлек ауданда 34 мектеп, 63 балабақша жұмыс істеп тұр.


