Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Нәзір Төреқұлов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығын тексерді. 2023-2024 жылғы қысқы жылу маусымына тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылған болатын. «Қуат жылу орталық — 3» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорынымен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы және тұрғындармен түсіндіру жұмысының кестесі бекітілген. Биылғы жылу маусымында Еңбекші ауданында жалпы саны 283 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 175-і орталықтандырылған жылумен қамтылған. Бүгінде ауданда 7 сервистік компания 64 үйге қызмет көрсетуде. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 13 тұрғын үй сервистік компаниялармен келісім-шарт түзсе, 5 үйде сығымдау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.