Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда. Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы жеті көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын көшелерге асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады.