Қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар құрылыс нысандарын аралау кезінде Ақжайық шағын ауданындағы «Abylaikhan innovative school» мектебіне барды. Төрт қабатты 650 орынға арналған мектеп жаңа заманауи үлгіде салынған. Жоба құны 3 миллиард теңгені құрайды. Бұл мектептің де құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып, қыркүйек айында алғашқы қоңырау дыбысы сыңғырламақ.