Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Биыл инвестициялық жобалардың бірі тұрғын үйлерді жасауға арналған материалдар шығаратын зауыт, сантехникалық бұйымдар жасау, мұнай қалдықтарынан шығарылатын сұйық битум шығаратын зауыт құрылысы, сонымен қатар кондитерлік істері және қағаз цех құрылыстарының жобасы қабылданды. Айта кетейік, штаб отырысында 8 жоба мақұлданды. Қала әкімі индустриялды аймақтарда жүзеге асырылатын бұл жобаларды тиісті инфрақұрылыммен қамтуды, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді дер кезінде қолдануды тапсырды.