Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«АБАЙ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    Айғақ TV

    «АБАЙ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.08.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    10 тамыз-Абай күні. Бұл мереке Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланған күннен бастап бекітілген. Айтулы датаға орай Шымкент қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі қала тұрғындары арасында өткен «Абай әлемі» байқауы. Абай күні бүкіл Алаш үшін ұлт болып ұлықтайтын ұлы мереке. Ақынның туған күнін Шымкенттіктерде ерекша атап өтті. Мегаполистегі шаралар ағартушының ескерткішіне гүл қоюдан басталып, ақынның шығармаларынан үзінді оқу, «Абай — адамзаттың мәңгілік рухы» атты ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмемен танысу және де «Абай әлемі» байқауымен жалғасты. Шараға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қатысып қала тұрғындарын Абай күнімен құттықтады. Іс-шараның мақсаты — ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау. Зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, Абайтанушы ғалымдар мен қаламыздың белсенді жастары қатысқан шара рухани жаңғырудың үлгісі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Абай әлемі» байқауы осыдан екі ай бұрын әлеуметтік желіде жарияланған. Қала тұрғындарынан белсенділік өте жоғары болып, 150-ге тарта жаны шығармашылыққа жақын жастар қатысқан. 2 ай ішінде инстаграм желісі арқылы қаралымы көп болған бейнежазба иегерлері екінші кезеңге өтіп, көрермен алдында бақ сынады. Байқауға қатысқан ең жас бүлдіршін 6 жаста, ал халықтың көңілінен орын алған бейнежазба 36 мың қаралым жинаған. Мемлекет басшысы халықты Абай күнімен құттықтай отырып, Хакім Абай — ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады деп ақынның шығармашылығына зор баға берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.