Елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскерге алынған әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі – әскери ант қабылдау. Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің жас жауынгерлері салтанатты түрде ант берді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 6506 бөлімінде бүгін әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Қызылорда, Жетісу, Алматы, Ұлытау, Жамбыл облыстарынан келген 400-ге жуық сарбаз халыққа, ел президентіне ресми түрде ант беріп, әскер қатарына қосылды. Көңілдерін қуаныш жайлаған жас әскерилердің мерекесі салтанатты түрде аталып өтеді. Шараға ант берушілердің туыстары мен достары келді. Жас жауынгерлер және ата-аналармен сұхбаттасқан біз өзіне сенімді азамат пен көңілі жайланған ананы байқадық.