Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатын Асанбай Асқаров атындағы Шымкент Дендрологиялық саябақ аумағы заманауи талапқа сай суарылуда. Саябақты жүйелі түрде суару мақсатында 4 су ұңғымасы қазылды. Сондай-ақ суару жұмыстарына демеушілер есебінен 4 техника 20 ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1 су ұңғымасы іске қосылып, Тұлпар аумағын суару жұмыстары жүргізілуде, 2 су ұңғымасы жақын күндері іске қосылады деп жоспарлануда.