Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТРАНСПЛАНТАЦИЯ – ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ!
    Айғақ TV

    ТРАНСПЛАНТАЦИЯ – ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.08.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыстық дәрігерлер 2 адамға алғашқы бүйрек трансплантациясын жасады. Бұл туралы облыстық аурухананың бас дәрігері мәлімдеді. Бүйрек ауруларына шалдыққан науқастарға туыстары донор болып, адам өмірін арашалап қалған. Ағзаның бұл мүшесіне трансплантация алдағы уақытта тек Астана мен Алматы қаласында ғана емес, Шымкент пен Түркістан облыстарында да жүзеге аспақ.

    Биыл облыстық клиникалық аурухана Алматы қаласының орталықтарымен бірлесіп, екі жақты меморандум жасады. Нәтижесінде екі аурухана дәрігерлері бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып келеді. Жыл басынан бері 5 науқас ақ халаттылардың көмегіне жүгініп, бүйрек трансплантациясы операциясын жасатқан. Соңғы 2 адамға жасалған ота тек облыстық клиникалық аурухана дәрігерлерінің қатысуымен жүзеге асып отыр. Күрделі де қиын отаға 15-20 дәрігер қатысып, аса мұқияттылықпен бірлесе жұмыс жасайды.

    Адамға екінші өмір сыйлау – тек дәрігерлердің қолында емес. Сондай-ақ лайықты донордың табылуы да аса маңызды. Көп жағдайда біздің елімізде донорлық тапшылық байқалады. Әсіресе бүйрек және бауыр мүшелерін алмастыру барысында донорлық ағза көбенесе туыстарынан не мәйіттерден алынады екен. Алайда елімізде әлі мәйіттік донорлық дамымаған. Ал облыстық ауруханада жасалған бүйрек ауыстыру отасы нәтижесінде екі науқасқа өз туыстары бүйрегін беріп, адам өмірін арашалауға мүмкіндік туған.

    Бүйрек трансплантациясына мұқтаж жандар тізімі біршама. Мамандардың сөзінше 160-тан астам адам бүйрек трансплантациясын қажет етіп отыр. Кемі 4-6 сағатта созылатын бұл операцияда оқыс әрекет кешірілмейді. Одан бөлек, оңтүстік өңірде бауыр трансплантациясын қолға алу да көзделіп отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.