Мегаполисте Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 31 шақырымды құрайтын жолды жаңарту жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылады.
Бүгінде Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысына ашылды. Құрылыс нысанының жобасына сәйкес, ені 30 метр, 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату қарастырылған.