Шымкент қаласының көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қаратау ауданына қарасты Таскен шағын ауданының 9 көшесіндегі құрылысты қала әкімі бақылап қайтты. Жыл соңына дейін аталған, шағын ауданда 7.9 шақырымды құрайтын 16 көше орташа жөндеуден өтуі тиіс. Ал асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Байсал, Қызан, Сандуғаш, Айнабекұлы, Кемел, Қырмызы және №1-ші, 2-ші, 3-ші атауы жоқ көшелердің ұзындығы 4.6 шақырым.
Жыл соңына дейін жол құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жол сапасын 71.2 пайызға дейін жақсы және қанағаттарлық деңгейге жеткізу көзделген.