Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖОЛДЫҢ САПАСЫНА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ
    Айғақ TV

    ЖОЛДЫҢ САПАСЫНА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.07.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бес жыл бұрын қаланың құрамына қосылған Базарқақпа тұрғын алабындағы көшелерге асфальт салынуда. Осы реттегі маңызды мәселе – жолдың сапасы. Инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма, әлде жүрдім-бардым тірлік пе? Мамандар «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының аясына топтасып, төселген асфальттен сынама алып, сараптамадан өткізді. Жаңадан төселген автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мақсатында шаһардың жолға жауапты басқармасы, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» мамандары Еңбекші ауданына қарасты елдімекен көшесіне төселген асфальтқа мониторинг жүргізді. Тұрғын алаптың Қараөткел, Балқан, Алай, Кеңгір, атауы жоқ 1,2,3,4 көшелеріне асфальт төсеу жұмысы аяқталған. Кезекті аралау шарасы Сасқұндыз, Қызылата көшесінде болды.

    Иә, мамандар жылжымалы зертхананы қолдану арқылы асфальт жолдан сынама алып, керн кескіні сараптамаға жіберді. Жолдың сапасын тексеретін мамандар үш көшеден алынған сынама 8-10 см шамасында екенін, оның жобада көрсетілген ұзындықтан ауытқымағанын айтады. Жолдың сапасын қадағалап, зерделейтін Адалдық алаңы жобалық кеңсесі тексеру жұмыстарын маусымға сай, әр учаскеде жүргізіп отырады. Жол салып, оның сапасына салғырттық танытпай, тексерістен өткізіп жатқан жауаптыларға елдімекен тұрғындары алғыс білдірді. Инфрақұрылымы жоспарға сай жасалып жатқан тұрғын алаптың кейбір мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Мегаполис аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы – 3247 шақырымды құрайды. Сәйкесінше, асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі – 67,4 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы 297 магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, бүгінгі алынған сынамалар арнайы сараптамаға жіберіліп, мердігер мекеменің жұмысына тиісті баға берілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.