Шымкент — сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны бойынша антилидер қала қатарында.Шаһарда жемқорлыққа қатысты жағдай бақандай 13 саланы былғаған. Коррупцияның көшін білім саласы бастап тұр екен. Осы орайда қала әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Онда антикор басшысы жемқорлықпен күресуге бағытталған жұмыстар мен олардың нәтижелерін баяндады.