Шымкентте Еңбекші ауданы аумағында жол апатын алдын алуға арналған акция ұйымдастырылды. “Қауіпсіз жол” атауымен басталған профилактикалық шара аудандық полиция басқармасы мен жергілікті әкімдіктің бірлесуімен жүзеге асты. Акция 10 күн бойы жалғасады, нәтижесінде апатты жағдайлардың орын алуы азаяды дейді тәртіп сақшылары.