Еліміздегі өңірлер ішінде жүрек трансплантациясы алғаш рет Шымкентте жасалды. Ота кезінде кардиохирургтар 61 жастағы азаматқа 46 жастағы азаматтың жүрегін хирургиялық жолмен қондырдып берді.
Кардиологиялық аурухана базасындағы операция 5 сағатқа созылып, сәтті өтті. Күрделі операцияға Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандары жетекшілік етті. 61 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Донорлық жүрекке клиникалық өлімнен кейін марқұмның туыстары заңды келісімін берген.
Алдағы уақытта жергілікті жағдайда күрделі хирургияны дамыту жоспарланып отыр. Бүгінге дейін елдің бас кардиохирургы Юрий Пяның жетекшілігімен 88 трансплантация жасалды. Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Сәуле Шайсұлтанованың айтуынша, донор Қостанай аймағынан келген. Осылайша Шымкенттің тұрғынына жүрек трансплантациясы жасалды. Бұл операция басқа аймақтарда жасалған алғашқы трансплантация болып саналады.
«Үшінші мегаполис тарихында тұңғыш рет жасалған жүрек алмастыру отасы сәтті өтті»- дейді дәрігерлер.
Айта кетейік, жүрек алмастыру отасы «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, Ұлттық ғылыми кардиохирургия және Шымкент жүрек орталығы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.