Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАР
    Айғақ TV

    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАР

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.07.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің жетекшілігімен көшпелі жиын өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне алдымен өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, мұнан соң Департамент қызметінің 5 айдағы нәтижелері туралы жұмыстар баяндалды. Орманды дала аймақтары мен қалалық саябақтар аумағында орын алатын өрттің алдын-алу мәселелері де айтылды.

    Департаменттің негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қала аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға, азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасауға бағытталған.  Бүгінде шаһарда Төтенше жағдайлардың 72% өрттерді құраса, оның 79%-ы тұрғын үй секторында және көлік құралдарында тіркелген. Жану және өрт фактілері бойынша жалпы 152 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 133 ескерту, жалпы сомасы 655 мың 500 теңгеге 19 тұлғаға айыппұл салынды. Өрттің шығатын негізгі себептері электр аспаптарының, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, өрт көздерін абайсыз пайдаланудан болуда.

    Департамент басшысы дала, орман өрттерін алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Бүгінде 1075,3 шақырымды құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары жүргізіліп, шаруашылық қожалықтар мен тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды, арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілген.

    Қазіргі таңда Департаментте жалпы 117 бірлік арнайы және қосалқы техникалары бар, жабдықталуы 96,6% құрайды. Өткен жылы министрліктен 5 бірлік заманауи өрт сөндіру және қызметтік автокөліктері берілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.