Білімді медицина студенті — елдің болашақ жан сақшысы. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында түрлі жағдай жасалып, білім алушылар үшін үлкен мүмкіндіктер Қаламыздағы медициналық оқу орындарының студенттері үшін Тәжірибелік дағды орталығы ашылған.
Ақ халаттылар алдына келген науқастың өмірі үшін жауапты. Тіпті абайсызда жасалған бір әрекеттің өзі адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осындайда тәжірибе мен теория ұштасса біліктіліктің артары сөзсіз. Осы мақсатта жоғары Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының жанынан ашылған симуляциялық орталық болашақ медицина мамандары үшін тәжірибе жинауда ең озық орындардың бірі.

Студенттерге білім беру кезінде теория мен практиканы байланыстырып, зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай білу маңызды. Тәжірибелік дағды орталығы қызметінің мақсаты да осы. Колледж және академия қабырғасындағы студенттерді білімге тәрбиелеп, білікті денсаулық сақтау мамандарын даярлау. Аталмыш орталыққа білім алушылар арнайы кесте бойынша кіріп, аппараттармен танысып, қорытынды бақылау жұмыстарын жасай алады. Кәсіби құзыреттіліктерімді дамытамын деген әр маманға орталық қызметкерлері көмек беріп, ұйымдық және оқу жағдайларын жасауға дайын.










