Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТ
    Айғақ TV

    МЕРЕКЕДЕГІ МАРАПАТ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.07.2023Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Айғақ» телеарнасының «Саяхат сұхбат» бағдарламасы мегаполистегі үздік телебағдарлама атанды. Қаланың бет-бейнесін, әр саладағы атқарылған жұмыс пен жоспарын жүйелеген бағдарлама өз көрерменін тапса, журналистердің кәсіби мерекесінде әкімдік тарапынан үздік деп танылды. Атаулы дата қарсаңындағы номинацияны шаһар басшысы табыстады.

    Шымкент қаласының әкімі оңтүстік өңірінің ақпарат саласында табанды еңбек етіп келе жатқан журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз саласының кәнігі маманы атанған, халықтың тыныс-тіршілігінен бастап, руханият, саясат жайлы хабар жасайтын қалам иелеріне жылы лебізін жеткізді.

    Әкімдік тарапынан үздік деп танылған номинациялар ішінде телеарнамыздың «Саяхат сұхбат» бағдарламасы бар. Қаладағы әр басқарма мен ауданның тізгінін ұстаған басшыларды сұхбатқа тартып,  әрбір саланың жұмыс барысымен таныстырған жоба/бағдарлама «Үздік телебағдарлама» атағын алды. 28-маусым БАҚ-ның мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада марапатты қала әкімі «Айғақ» телеарнасының бас редакторы Ұлжан Наушабаеваға табыстады.

    Ақпарат айдынында қызмет етіп жүрген журналистер қауымын қаланың мәдениет басқармасы да құттықтады. Баспасөз, телеарна арқылы қоғамның дертін де, жетістігін де жеткізуші, уақытпен санаспай ақпарат тарататын  4-ші билік өкілдеріне құрмет көрсетті. Ардагер журналистерден бастап, қалам мен қағазды серік етіп бастаған жас тілшілер марапатталды. Осы орайда басқарма басшысы ақпарат пен мәдениет саласы бір-біріне етене жақын екенін айтып, алда жақсы жаңалықтармен елді қуантып, ұлттық мүддеміздің биігінен көрінеміз деді. Кәсібіне адал, медиа саласында маңызды жаңалықты жылдам жеткізуді мұрат тұтқан барша әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.