Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    Айғақ TV

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.07.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Президентке еліміздің биылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, сондай-ақ Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тексеру нәтижелері жөнінде баяндалды.

    Әлихан Смайыловтың айтуынша, батыс өңірінің энергетика жүйесінің жай-күйіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгені анықталды. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «МАЭК» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмысында олқылықтар бар екені мәлім болды.

    «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі.

    Бұдан бөлек, батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ «МАЭК» ЖШС, АМӨЗ, «KEGOC» АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

    Үкімет келешекте мұндай дағдарыс жағдайларына жол бермеу үшін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізу, батыс энергетикалық аймағын күшейту, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және сол жерде өзін-өзі энергиямен қамтамасыз ететін станса салу, батыс аймағын Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қосу жұмыстарын және басқа да бірқатар шұғыл және жүйелі шараларды жүзеге асырады.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысына вегетациялық кезеңі су тапшылығы жағдайында өтіп жатқан оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы мәлімет берілді. Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қажетті шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету үшін суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарының қайсысына басымдық берілетіні анықталады, суайналым әдісі қолданылады. Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары белсенді жүзеге асырылуда. Арналардағы су шығынын азайту және жинақталатын су мөлшерін көбейту үшін гидротехникалық құрылыстарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайылов «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және киіктер популяциясын орнықты басқаруға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.