Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.
«Биыл 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинағанын жақында ғана айтқанбыз, енді бұл балалар грант конкурсына қатыса алады. Жылдағыдай, білім беру гранты иегерлерінің тізімі үстіміздегі жылдың 10 тамызына дейін жарияланатын болады. Ал, жоо-на қабылдау 25 тамызға дейін аяқталады», – деді министр Саясат Нұрбек.