Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға іс-сапармен келді.
Сапар аясында екі ел басшылары өзара келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән берді. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылып келеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.











