Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Айғақ-ақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген Жарлықта.
Аружан Саин – танымал тележүргізуші және продюсер. Ол 2019 жылдың шілдесінде Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған болатын.