Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Боралдайдың бозторғайы» атанған Орынбай Таймановтың кесенесі құлаудың әзер алдында тұр
    Жаңалықтар

    «Боралдайдың бозторғайы» атанған Орынбай Таймановтың кесенесі құлаудың әзер алдында тұр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.10.2015Updated:27.10.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Боралдайдың бозторғайы» атанған айтулы ақын Орынбай Таймановтың кесенесі аянышты халде. Осыдан 23 жыл бұрын тұрғызылған бейіттің басындағы белгінің бүгінде күмбезі құлап, қабырғасы қаусаған. Жыр алыбы Жамбылдың үзеңгілес серігі, заманында аты алты Алашқа жайылған Орынбай ақын кесенесінің қирап жатқаны жайлы осыған дейін де айтылған мәселе. Десек те тозығы жеткен кесененің уәжінен қорытынды шықпаған.

    Мына кесене түйдек сөздің төресі, өнерімен Алаш тұрмақ Мәскеуді тамсандырған Жамбыл Жабаевтың құрметіне орнатылған. Ал енді мұны Жамбыл ақынмен замандас, бала күнінен сөз шеберлігімен аты шыққан айтулы ақын Орынбай Таймановтың белгісімен салыстырып қараңы. Бәйдібек ауданына қарасты Ақжар ауылында, Боралдай өзенінің бойында орналасқан кесене 1992 жылы орнатылған деседі. Содан бері көптің көзінен таса қалған белгіні көрген адам жыларман күй кешері сөзсіз. Кесене маңында нысан мемлекет қарауында деген жазуды ұшыраттық. Дегенмен ақынды қастерлеуге келгенде мемлекет тұрмақ, өңірдің белгілі тұлғалары да салғырттық танытқаны байқалады.

    2кесене

     

    Орынбай Тайманұлы Жамбыл Жабаевтан соң Ұлы Отан соғысы тақырыбында, жауынгер жанын жігерлендіретін, патриотизмге баулитын өлеңдерді көп жырлаған ақын. Оның нәубет жылдарда жазған «Отан үшін жан пида», «Жылы киім жинайық» деген секілді жігерлі жырларының Ұлы Жеңіске қол жеткізуде өзіндік үлесі болды. Ақын 1884 жылы дүниеге келген. Жасында кедейліктің зарын тартқан ол, Кеңес үкіметі орнаған тұста жаңа өмірді сипаттап өлеңдер шығарады. Дегенмен оның ақындық өнері жас күнінен белгілі болып, Бала ақын да атанған екен. Бүгінде Боралдай ауылдық округіндегі елдімекеннің бірі Орынбай Таймановтың есімімен аталады. Ал кесене келесі Ақжар ауылының биігінде орналасқан. Алайда тарихи орынға жетудің өзі де мұң. Яғни, Ақжар ауылындағы кесенеге жүргізілген арнайы жол жоқ. Тіпті екі ауылдың ортасын бөліп жатқан Боралдай өзенінен өтетін көпір де көңіл көншітерлік емес.

    3кесене

    «Боралдайдың бозторғайы» жайында арнайы зерттеу жүргізген тарихшы Әсет Кембаев ол жайлы кітап та жазады. Ақын туралы аса жоғары пікірдегі азамат оның ескерусіз қалып бара жатқанынына қынжылатынын жеткізді. Асылын ардақ тұтатын қазақ халқы бұл дәстүрінен жаңылды дей алмаспыз. Дегенмен де Орынбайдай қазақ әдебиетінде елеулі үлесі бар ақиық ақынды ұмыт қалдыруы ағайынға сын. Тарихи кезеңдерді қамтыған 2015 жылда айтылған сөз иесін тауып, сын түзеліп жатса игі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.