Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев пен қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері Жақсылық Мәуленов жыл басынан бері салада атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Медициналық қызмет түрлерінің ішінде стационарлық көмектің алатын орны ерекше. Бұл көмектің екі түрі бар. Бірі – жоспарлы түрдегі стационарлық көмек, екінішісі – шұғыл түрдегі стационарлық көмек. Б.Абдуллаевтың айтуынша, Шымкентте қазір науқастарға стационарлық қызмет көрсету ісі жанданған. Қаладағы 15 медициналық ұйымда 3407 орын әзірленіп, жыл басынан бері 35 мыңнан астам науқасқа қызмет көрсетіпті. Оның ішінде, 11 386 науқас жоспарлы түрде медициналық көмекке жүгінсе, 23 756 науқас шұғыл түрде келіп түскен.
ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл...










