
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең көп дауыс жинаған үміткер анықталды.
Аталған өңірде таңдаушы ретінде жалпы саны 146 мәслихат депутаты тіркелген. Алайда, сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 122-сі қатысып, дауыс берді. ОСК шығарған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәкес, үміткер ретінде тіркелген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов (86%) көп дауыс жинады. Оның кадидатурасын кандидатурасын 104 таңдаушы қолдаған.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сентаның депутаттарын сайлауда бірнеше өңір бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.
ҚазАқпарат










