Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
Мамандығы — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген.
2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.
2012-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2014-2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 — 2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2022 жылғы 11 маусымнан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді.