Заңдылықты арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында 2022 жылдың 5 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Прокуратура қызметінің басты мақсаты — адамның, оның өмірін, мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және елдегі заңдылықты нығайту болып табылады. Осылайша, Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда еліміздің аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Бұл туралы Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев мәлімдеп берді.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...










