• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АТЫНА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАР КЕЛУДЕ

26.10.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, Орталық Азияның бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеуге бағытталған жолындағы еліміздің отыз жылдық көшбасшылығын ерекше атап өтті.

«Біздің қауіпсіздік, энергетика және экономика мәселелері жөніндегі екіжақты ауқымды ынтымақтастығымыз, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды табанды түрде қолдайтынымыз қарым-қатынастарымыздың болашағына инвестиция салуға деген өзара ұмтылысты және оның ортақ мақсаттарға жетудегі әлеуетін көрсетеді. Бұл ұстаным біздің кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге толық сай келеді», – деп жазылған Джо Байденнің құттықтауында.

Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель 1990 жылдың қазан айында қабылданған Егемендік туралы декларацияда мемлекеттілікке, аумақтық тұтастыққа, бөлінбеушілікке және шекараның мызғымастығына қатысты негізгі қағидаттар бекітілгенін айтты.

«Декларация 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға жол ашты. Бұл декларация бүгінде барлық бейбітсүйгіш ел қорғайтын халықаралық тәртіптің іргелі құндылықтары мен қағидаттарының ережелеріне негізделген», – делінген Шарль Мишельдің жеделхатында.

Сонымен қатар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына құттықтауын жолдап, еліміздің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі және ауқымды реформалардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын ерекше атап өтті.

«Біздің тату көршіміз Қазақстан барлық салада биік шыңдарды бағындырып келеді. Сіздің аймақтық және жаһандық маңызы бар бастамаларыңыздың халықаралық аренада белсенді түрде қолдау табуы – еліңіздің әлемдік қауымдастықта лайықты беделге ие екенінің айқын дәлелі. Бірлескен күш-жігер мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалогтың арқасында елдеріміз арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынас деңгейіне көтерілгеніне өте қуаныштымыз», – деп жазды Өзбекстан Президенті.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өз құттықтауында Республика күні мерекесін қайта жаңғырту бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған институционалдық реформалар үдерісіндегі маңызды қадам деп бағалайды.

«Сіздің дана әрі прогресшіл басшылығыңызбен бұл реформалар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуға түрткі болып, достас Қазақстанды өркендетуге бағытталған биік мақсаттарға жетуге қызмет ететініне кәміл сенемін», – деп жазған Садыр Жапаров.

 Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құттықтауында Әзербайжан Қазақстанның қарқынды дамуына, бауырлас елдің жетістіктері мен табыстарына тілектес екенін атап өтті.

«Әзербайжан-қазақ қарым-қатынасының бүгінгі жоғары деңгейі ортақ тарихымен, моральді және мәдени құндылықтарымен өзара тығыз байланысты бауырлас халықтарымыздың ерік-жігерін айқын көрсетеді. Қазіргі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке негізделген жан-жақты қарым-қатынастарды нығайту жолында бірлескен күш-жігерді жалғастыра беретінімізге сенімдімін, – делінген құттықтау хатта.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Егемендік туралы декларацияны Қазақстан үшін маңызды оқиға әрі тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадам деп атады.

«Қазіргі таңда Сіздің еліңіз бейбіт сыртқы саясат қағидатын ұстанады, өзара түсіністік пен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға жан-жақты атсалысады. Астананың  мазмұнды бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, адамзат баласына ортақ жаһандық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады», – деп жазған Александр Лукашенко.

Сонымен қатар құттықтау жеделхаттарын Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Президенті Рустам Минниханов, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде жолдады.

ақорда кз

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН САЗГЕРЕ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі 60 жасқа толды. Мерейтойына орай үшінші...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.