Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт Түймебаев прокуратура саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Жансейіт Түймебаев прокуратура саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.12.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Cейсенбі Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан — Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

    Мерейлі отырысқа облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс прокуроры И.Иманов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.
    Ел Егемендігінің 25 жылдық мерейтойымен қоса, биыл ҚР Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Бүгін осы жылдар ішінде міндеттерін адал атқарып, қызметінде жоғары нəтижелерге жеткен 100-ден астам сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, «ҚР прокуратурасына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы сыныптық шендер берілді.
    Жиында сөз алған өңір басшысы барша құқық қорғау органдарын қос мерейлі мерекемен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.

    Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған салада 300-ден прокурор қызмет етеді. Ширек ғасырлық тарихы бар аталған құқық қорғау саласының ұйытқы болуымен түрлі қылмыстар ашылып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыстық прокуратурада 12 жоба аясында нақты іс шаралар жоспарлары жасалып, атқарылуда. Олардың қатарында «Алаяқсыз қоғам», «Қауіпсіз қала», «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою мен шешу жолдары» және тағы басқа мәселелер қамтылған.

    Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері заманауи техникалармен, қызметтік ғимараттармен толықтай қамтамасыз етілді. Солардың қатарында оңтүстік өңірінде Арыс, Созақ аудандары мен Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратураларының ғимараттары салынды. Облыстық прокуратура мен бірқатар аудандық прокуратуралардың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.