Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік Қазақстанда автожолдарға қызмет ететін 25 техника берілді
    Жаңалықтар

    Оңтүстік Қазақстанда автожолдарға қызмет ететін 25 техника берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына 25 бірлік арнайы техника табысталды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев берілген техникалармен аймақтағы автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын дер кезінде орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасының жақсаратынына сенім білдірді.

    Атап айтқанда, бұл күні 2 бірлік автогрейдер, 1 бірлік «Урал» қар тазалағыш шнекороторы, аспалы қосалқы жабдықтарымен 4 бірлік МТЗ-82 тракторы, 2 бірлік «КамАЗ» жүк көлігі, 13 бірлік «Газель» маркалы жол жөндеу қызметінің жүк көлігі, 1 бірлік Жол таңбалау көлігі (разметочная машина «Газель»), 1 бірлік NISSAN TЕRANO (қызметтік көлік) және 1 бірлік НИВА — 21214 қызметтік көліктері берілді.

    Жаңа техникаларды аралап көрген  аймақ басшысы өңіріміздегі барлық аудандарға берілетін техниканы қолдануда, әсіресе, қысқы мерзімде қауіпті саналатын Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарындағы асуларды үнемі назарда ұстап, қардан тазартып отыруды тапсырды.

    Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына» қарасты 4 330 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Бүгінге дейін кәсіпорынның балансында жалғыз ғана техника болып, тиісті жұмыстар қосалқы мердігерлерді тарту арқылы және жалдаумен жүргізілген болатын.

    Айта кету керек, 1991-1999 жылдар аралығында автомобиль жолдарының жағдайы көбінесе ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен күтіп ұсталған. Автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңартуға мүлдем қаражат бөлінбеген. Жалпы, 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теңге бөлініп, 9 176 шқ. жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 100 көпірдің жөндеу жұмыстары және 45 көпірдің құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, 2003 жылдан бері 70 шқ. жаңа жолдардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

    Десе де, әлемде орын алып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамай, облыста экономиканың күретамыры болып саналатын жол инфрақұрылымын дамытуға коп көңіл бөлініп келеді. Тек биылғы жылдың өзінде – Тәуелсіздіктің 25 жылдығында облыста 305 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына 25 млрд. теңге бөлініп, 639 шқ. жол мен елді мекен көшелері қамтылды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.