• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ

05.09.2022
0

Фотосурет: egemen.kz

 Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алаш арысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді.

Тарихи тұлғасы мен арқалаған жүгі, көрген азабы ешбір ханның, ешбір батырдың, ешбір бидің, ешбір ғұламаның тұлғасымен салыстыруға келмейтін екі алыптың бірі Әлихан Бөкейхан болса, екіншісі — Ахмет Байтұрсынұлы.

Қазақ тарихының ең бір шешуші кезеңінде қатар өмір сүрген қос арыстың маңайына топтасқан ұлт элитасы халқын ұлтсыздандыру нөпірінен аман алып шығу үшін өткел болып төселді. Бәрінің басы бәйгеге тігіліп, бәрінің әулеті қуғынға ұшырады.

Абай Құнанбайұлы туралы «Қазақтың бас ақыны» атты мақала жазып, ойшылға қазақ жазба әдебиетінің төрін ұсынған Ахмет Байтұрсынұлының өзіне «Қазақтың бас ғалымы» деген атақ берсе жарасады.

Оған қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын, қазақ әліпбиі мен емлесін ғылыми дәйекпен ретке келтіріп, қазақ тілінің лексикалық қоры мен синтаксистік құрылымын өзге тілдердің ықпалынан тазартуға күш салған ғылыми еңбектері мен алғашқы оқулықтар дәлел.

ХІХ-ХХ ғасырда қазақ халқы үшін қандай ауыр болғанын түсіну үшін Байтұрсын әулетінің арғы-бергі тарихына көз салса жетіп жатыр.

Әкесі мен ағаларының нақақ қудалануы жүрегіне шоқ боп түскен алаш арысы 1937 жылы атылғанға дейін ұлт ұпайын түгендеп өтті.

Бұған да оның бүгінге цензура мен плагиаттан әупіріммен аман жеткен ғылыми еңбектері мен әлі күнге дейін табылмай келе жатқан құнды дүниелерінің даңқ-дақпырты дәлел.

Ол қазақ публицистикасы мен ғылыми тілін жасанды, қасаң сипаттан арылтып, халық тіліне жақындату үшін төл терминологияның негізін қалады.

Ақын, лингвист, әдебиетші, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырды, ұлттық журналистиканы дамытты.

Алашорда үкіметінің мүшесі болған.

2017 жылы Үкімет қаулысымен Қазақстан халқы тілдерінің күні 22 қыркүйектен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ауыстырылды.

Жоғарыда айтқанымыздай, ұлт ұстазының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді. Бірақ дәл той қарсаңында тұтанған алапат өрттің бірнеше күнге созылып кетуіне байланысты шаралар кейінге шегерілді.

Өмірбаяны

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.

1937 жылдың 8 желтоқсанында Алматыда ату жазасына кесілді.

Оның 1929 жылдың 12 мамырына дейінгі өмірбаяны өз қолымен жазылып, тарихқа қатталған.

1882-84 жылдары кейде ел ішіндегі сауатты адамдардан, кейде жақын маңдағы ауыл мектептерінен білім алып, сауат ашады.

1886-1891 жылдары Торғайдағы екі сатылы (әр сыныбы 3 жылдан) орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде оқыды.

1891-1895 жылдары Орынбор қазақ мұғалімдер мектебінде білімін тереңдетті. Бұл мектепті бітіргендер 6 жыл мұғалім болып жұмыс істеуге міндетті еді.

Осылайша 1895-1891 жылдары әртүрлі ауыл мектептерінде, кейін облыстық мектепте, екі сыныптық (екі сатылы) оқу мекемелерінде жұмыс істеді.

1901-1909 жылдары өз бетімен білімін толықтырып, шығармашылықпен айналысады.

1909 жылы Қарқаралы қаласындағы екі сыныптық училищенің меңгерушісі болып жүргенде Семей губернаторы Тройницкидің өкімімен тұтқындалып, Семей түрмесіне жіберіледі.

1909 жылдың 1 шілдесінен 1910 жылдың 21 ақпанына дейін жандармның анықтауына дейін сол түрмеде отырады.

Түрмеден босағанымен Қазақстан аумағында өмір сүруге тыйым салынады. Тек Ресейдің басқа губерниясында тұруға рұқсат етіледі.

«Менің таңдауым Қазақстанға жақын жатқан Орынбор қаласы болды, мұнда 1910 жылдың 10 наурызында келдім», — деп жазады өзі.

1910-1918 жылдары қазақ тіл білімі, әдебиеттану, түркология саласына негіз болған ғылыми еңбектерін құрастырып бастады.

1918 жылдан 1919 жылдың басына дейін «Алаш-Орда» құрамында қызмет істейді.

1919 жылы наурызға дейін Алаш-Орда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды.

1919 жылы наурызда Алаш-Орда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге қатысты.

Оның табандылығының арқасында сәуірде Алаш-Орда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды.

1919 жылдың екінші жартысынан 1920 жылдың соңына дейін «Қазақ өлкесінің әскери-төңкерістік комитетінде» комитет мүшесі болып қызмет етеді.

1920 жылы сол кездегі бірінші басшы В.И. Ленинге Мәскеудің Қазақстанды басқару ісіндегі қателіктерін сынап, хат жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне атсалысты.

1919 жылдың 27 тамызында Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің «Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы» шешіміне қарсы жазған саяси наразылығы Қостанай өлкесін бөлшектенуден құтқарып қалды.

1921 жылдан бастап Қазақстандағы жауапты лауазымдарда қызмет атқарды.

Атап айтсақ, Оқу-ағарту ісі жөніндегі бірінші халық комиссары, Халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған Академиялық орталықтың төрағасы, Қазақ халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, алқа мүшесі сияқты лауазымдарда еңбек етті.

1921-1928 жылдары Халыққа білім беру институтында қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мәдениеті пәндерінен дәріс оқыған.

1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті болды.

1928 жылдың 1 қазанында Қазақ халық ағарту комиссариатының ұсынысымен Қазақ мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасына профессор лазауызымына шақырылады.

1929 жылғы маусымның басында Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына тергеуге жөнелтіледі. Аты шулы «үштіктің» 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешімі бойынша ату жазасына кесілген еді.

Бірақ бұл шешім бірнеше рет өзгертіліп, 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 жылдың қарашасында 3 жылға Архангельскіге жер аударылады.

Ал 1933 жылы мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен бірге өткізуге рұқсат беріледі.

1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П. Пешкованың ара түсуімен отбасымен бірге мерзімінен бұрын босап, Алматыға оралады.

Сол кезден 1937 жылға дейін түрлі мекемелерде ауық-ауық жұмыс істейді. 1937 жылы 8 қазанда соңғы рет тұтқындалып, 8 желтоқсанда ату жазасына кесілді.

Ең алғаш жарық көрген әдеби жинағы – «Қырық мысал» (1909 ж.). Екінші кітабы – «Маса» (1911ж.).

Сондай-ақ, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Ф. Вольтер, С.Я. Надсон өлеңдерін аударды.

Ғылыми еңбектері

1911-1912 жылдары төте жазу негізінде «Әліппе» түзіп, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларынан басып шығарды. 1912-1925 жылдары «Оқу құралы» атты еңбегі 7 рет (кейінгі деректер бойынша 8 рет) жетілдіріліп басылды.

1926 жылы «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.

«Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған еңбегі және бар.

1913 жылы «Қазақ» газетінің үш санында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы шықты. Бұл Абайға қазақ жазба әдебиетінің төрін ұсынған еңбек еді.

1923 жылы Мәскеуде жүріп «Ер Сайын» жырын алғысөз бен түсініктеме бере отырып шығарды.

1926 жылы «23 жоқтау» кітабы жарық көрді. Дәл сол жылы «Әдебиет танытқыш» та баспа бетін көрді.

Ахметтанушы Райхан Имаханбеттің дерегі бойынша, архив құжаттары Ахмет Байтұрсынұлының «Мәдениет тарихы», «Уголовный кодекс РСФСР» атты кітаптары болғанын айғақтайды. Аталған еңбектер әлі табылмай отыр.

Ғалым өзі жазған өмірбаянында 14 кітабы басылғанын айтады. Қазіргі ахметтанушылардың пайымынша, 20 кітабы баспадан жарық көріп, 3 қолжазбасын баспаға ұсынғанымен шығаруға мүмкіндік болмаған.

ҚазАқпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН САЗГЕРЕ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі 60 жасқа толды. Мерейтойына орай үшінші...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте бокстан республикалық турнирдің шымылдығы түрілді. Биылғы додаға еліміздің 14 облысынан және Өзбекстан Республикасынан келген 253 спортшы қатысуда. Рингте былғары...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.