Ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі — тұрғын үймен қамтамасыз ету. Сондықтан да халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар қабылданды. Соның бірі жуырда бастау алған «Бақытты отбасы» бағдарламасы.
Тиімді бағдарламаның қатысушылары ең алдымен баспанаға мұқтаж тұлға ретінде әкімдікте кезекте тұруы шарт. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек) және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы мәртебесіне ие болуыңыз керек. Сол кезде ғана «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өз үйіңізді сатып алуға заем рәсемдей аласыз.
Шымкентте «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелік бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Аталған конкурс 20 маусым мен 19 шілде аралығында www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушылар – санаттары мен кезекке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. Әрі қарай, жүйе автоматты түрде кезекке тіркелу өңірлері, кезекке тұрған күні мен санаттары бойынша қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін қалыптастырады.
Бұл бағдарламаға қатысу үшін оның талаптарына сайболуы қажет. Соның бірі табыс көлемі. Отбасының әрбір мүшесіне келетін соңғы алты айдағы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс (2022 жылдың 1 сәуіріне ең төмен күнкөріс деңгейі 37 389 теңгені құрайды, тиісінше отбасының әрбір мүшесіне келетін табыс 115 905,90 теңгеге тең сомадан аспауға тиіс)
Кіріс ретінде не ескеріледі? Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады.
Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Негізгі кіріске жататындар: Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы, айлық жалақы, бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы, жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.), бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы, өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс.
Сондай-ақ, қосымша кіріске жататындар:шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда), зейнетақы және зейнетақы аударымдары (негізгі кіріс болған жағдайда), экологиялық төлемдер.
Тұрғын үйге кезекке тіркелген күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша Шымкент қаласына 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге 4,4 млрд. теңге көлемінде лимит бөлініп отыр.
Жалпы биыл халықтың әлеуметтік ахуалын оңалту мақсатында Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі 83 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 55 арендалық пәтер қолданысқа табысталса, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 13, көпбалалы отбасыларға 15 пәтер қолданысқа берілді. Бұдан бөлек былтырғы жылдан өтпелі болған 164 пәтермен ағымдағы жылдың басында кезектегі азаматтар қамтылған болатын. Аталған тұрғын үйлердің сатып алу құқықғы жоқ.
Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева азаматтарды қабылдауда айтып өтті. 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған. Oның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-54, көпбалалы отбасыларға-476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына — 218, жұмыс істейтін жастарға-857. Бүгінде 1605 пәтердің 83-і түрлі санаттар бойынша ел игілігене табсталып отыр. Қалған жалдамалы баспаналар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін кезең-кезеңімен берілетін болады.
Айта кету керек, басқарма басшысы 40-қа жуық тұрғынды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізіп, Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның шешілу жолдарын қарастырды. Қабылдауда болғандардың қатарында кезекке тіркелген көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, сондай ақ зейнеткерлер бар. Тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға жалдамалы баспаналар кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді.











