• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ САПАСЫ АРТУДА

01.07.2022
0

Бүгінде «Ұрпақтың денсаулығы – ұлттың саулығы» деген сөздің мәні  артып келе жатқанын күннен-күнге сезіне түсудеміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз әр жыл сайын халық денсаулығын көтеру үшін әртүрлі бағдарламалар қабылдап, жаңа ауруханалар салып, медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, біліктілігін арттыруды жолға қойып, миллиардтаған теңгелер бөлді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасында, ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтты.

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған болса, бағытты айқын бағдарлама саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті.

Тәуелсіздік алған ширек ғасырдың ішінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласы қарыштап дамыды. Озық технологиялармен жабдықталған клиникалар, ауруханалар ашылып, күрделі оталар жасалып келеді. Еліміз бойынша демографиялық ахуал тұрақты. Ана мен бала денсаулығы ерекше назарда.

Бүгінде Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған.

Шаһарда медициналық  қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді. Тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында мобильді қосымшалар енгізілді. Бұл медициналық персоналдың жұмыс сапасын көтеруге, емханаларды кезектерді оңтайландыруға және пациенттер үшін қолайлылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, №1қалалық клиникалық аурухана, №2, N3 қалалық ауруханаларында медициналық  көмек түрі артып,   көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.

Көпсалалы ауруханаға айналатын мекеменің бірі — қалалық балалар клиникалық ауруханасы. Жаңғырту жұмыстарынан соң ауыр дертке шалдыққан балалардың өзге қалаға сабылмай  осында ем алып, күрделі оталар жасауына мүмкіндік туады.

Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар іске асып, орындалуда. Қазірде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

Саланың сапалы түрде дамуына соңғы кездері жеткен жетістіктерге қарап та айтуға болады. Мәселен, жуырда ғана тұңғыш рет Шымкент қалалық клиникалық  балалар аурухасында Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа  ота жасалды. Сирек кездесетін мұндай дерт түрінің жалғыз емі-операция ғана. Дәрігерлер күрделі отаны 15 жастағы ұл балаға жасады.

Мамандар науқасқа диагностикалық тексеру жүргізіп, диагнозын дер кезінде нақтылай білген. Жасөспірімінің өмірін аман алып қалу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Жоспарлы   операция сегіз сағатқа созылып, хирургтар науқастың  миындағы   ауытқуды   хирургиялық жолмен емдеді. Нәтижесінде науқастың ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.

Шымкентте мұндай ота түрі алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу  орталығына жіберіле­тін. Енді балалардың мұндай күрделі операциясын  қалалық клиникалық балалар ауруханасының  дәрігерлері жасайды.

–Операция барысында науқастың басының арт жағынан шүйде аймағының  шөуде сүйегі дөңгелетіп  кесіп алынды. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің  қатты қабаты  бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу. Мишықты босату арқылы синдромды емдейміз. Арнольдо Киари синдромның асқынуы науқасты  шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін.  Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана екені бүгінге дейін ғылыми түрде дәлелденген, — дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургы Самат Көкшібаев.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

ТОЗҒАН ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
25.08.2026
0

Мегополисте ескірген орындарды жаңарту жұмыстары қарқынды. Тұран ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы қолданысқа берілді. Қазір дәл осындай 28 нысанда...

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.