
Биыл Шымкент қаласында 11 мыңнан астам оқушы жас түлек атанды. Оның 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысса 453 оқушы алтын белгіге үміткер. Жалпы дәстүрлі соңғы қоңырау шарасы мегаполистің 203 білім ұясында ұйымдастырылған. Жаңа Қазақстанның ертеңі атты салтанатты шара 30 жылдық тарихы бар №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінде де өткізілді.
25 мамыр Кең-Байтақ Қазақстанның барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп жұртшылық түлектерге сәттілік тіледі. Мектеп қабырғасымен қоштасқан оқушылар үлкен өмірге жолдама алса, 1 жыл бұрын білім ошағының табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп ата-ананың, ұстаздар қауымының қуанышына айналды. Дәл осындай тарихи сәттің бірі №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінде жалғасын тапты. Оқу ордасында 2 мыңнан астам оқушы білім алса оның 114-і бітіруші түлектер. Мектеп директорының айтуынша білім ұясының биылғы көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғарлаған.
Салтанатты шара барысында мұғалімдер қауымы 11 жыл бойы білім беріп бүгінде қанаты қатайған шәкірттеріне ақжарма тілектерін айтса, түлектер білім ошағымен қоштасу әнін орындап ұстазына алғысын жеткізді.
ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...










