Шымкентте соңғы бес айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 65 қылмыстық-іс тіркелген. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша агенттігінің департаментінің бірінше орынбасары Жандос Жұмабаев брифингте хабарлады. Ол бес ай көлемінде департаментте атқарылған жұмыстар барысын баяндап, салалар бойынша анықталған қылмыстың басым бөлігі денсаулық сақтау басқармасымен құқық блогында орын алғандығын айтты.
Бүгінде әрбір қылмыстық-іс бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдарғасыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғы шарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп қаралуда. Осы мәселе бойынша тоғыз ұсыным беріліп, оның жетеуі қаралды. Сондай-ақ, жыл басынан бері жемқорлық дерегі жеткізген бес азаматқа 900 мың теңге көлемінде сыйақы берілген.
Сонымен қатар Жандос Сағындықұлы брифинг барысында әкімшілік құқық туралы кодексне енгізілген өзгерістерге сәйкес енді сыбайлас жемқорлық қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгендігін тілге тиек етті. Оның айтуынша жыл басынан бері департамент пен алты әкімшілік хаттама толтырылып, 1 млн 800 мың теңгеден астам айыппұл салынған.
Негізгі басымдықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға береміз деген Жандос Жұмабаев алдын-алу жұмыстарының маңызына тоқталды. Оның айтуынша жыл басынан бері 2 мекеменің қызметінде сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп, 56 ұсыным енгізілгенін айтты.











