14-маусым Дүниежүзілік донорлар күні. Осы орайда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингін өткізді. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қала күніне орай өткізілетін «ашық есік» күні аясында, ұйымдастырылатын медициналық шаралар легіне тоқталды.
19 маусым да мегаполисімізде дәстүрлі түрде қала күні аталып өтіледі. Мерекеге орай денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен емдеу мекемелерінде еліміздегі жетекші мамандардың қатысуымен күрделі оталар және «Ашық есік» күні өтіп, қызметкерлер тұрғындарға медициналық қызметтер көрсететін болады.
Айталық, 18-маусым күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қаламыздың ірі сауда орталықтарында 8 мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелердің қатысуымен: кардиолог, невропатолог, окулист, педиатр, хирург және т.б мамандар халықты медициналық кеңестен өткізеді.
Сондай-ақ, 18 маусым күні қала тұрғындары «Өзгеге өмір сыйла» қан тапсыру акциясы аясында қан орталығында, ерікті түрде доннор бола алады. Аталмыш акцияға 60-70 азамат келіп, қан тапсырады деп күтілуде.











