Қаратау ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында шахматтан финалдық кезең өтті.Бұл жоба қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» аясында ұйымдастырылды.Аталмыш сайыста бірінші орынды Өмірбек Жолдасбеков атындағы № 9 IT мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы «Шымкент жастар лигасы» дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан өткізілуде.Аталмыш жоба аясында оқушылар төрт спорт түрінен: волейбол,футбол,баскетбол және шахмат ойындарынан бақ сынауда.Былтырдан бастап тұңғыш рет Шымкент мектептеріне шахмат ойыны енгізілген болатын.Сайыста асығы алшасынан түскен команда 20 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болады.Тағы ескере кететін жайт,бұл қаражат мектеп мұқтаждығына жарату шартымен білім ордасының ұжымы анықтайды-дейді, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
№ 89 IT мектеп-лицейінен келген Еркебұлан Ахинов 7 жасынан бастап шахматқа әуестенген.Дарынды оқушылар дайындайтын мекемеде білім алатын оқушының қабілетін байқаған ұстаздары оны осы жарысқа алып келген.Көптеген интелектуалды қабілеті жоғары балалармен танысып,тәжірибие алмасқан Еркебұлан қарсыластарының осал емес екенін жеткізді.Дегенмен бұл сайысқа ерекше дайындықпен келгендігін айтты.
Шахмат адамның есте сақтау қабілетін жақсартып,қиын сұрақтарды шешіп,күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол.Былтырдан бастау алған аламан дода,биыл да өз жалғасын тапты.Бұл ретте № 89 IT мектеп-лицейі де тысқары қалмады.Аталған оқу ордасынан келген Бағлан Ғаппарұлы дене шынықтыру және шахмат сабақтарынан оқушыларға тәлім беріп жүр.Сайысқа 5-ші және 6-шы сынып оқушыларын алып келген ол,бұл байқаудың балалардың ой өрісінің дамуына ерекше әсер ететіндігін жеткізді.
Бүгінде «Шымкент жастар лигасына» қатысуға 151 білім ұйымынан 514 командадан өтініш түскен.Ойынды үйлестіру үшін 400-ге жуық спорт саласының мамандары жұмылдрылып, тікелей 5926 оқушы қатысуда.Сондай-ақ командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен фан-клуб командалары жасақталып,2265 оқушы қамтылады.Аталған жарыста ағымдағы жылдың 1 маусымында аяқтау жоспарлануда.











