Шымкенттік қос спортшы Франция елінен жеңіспен оралды. Дүниежүзілік гимназиада байқауына қатысқан Талғат Орынбасар мен Сабина Юлдашбекова дзюдодан бірінші орын жүлдегері атанып, байрақты бәсекеде ел намысын қорғап келді. Франция елінің Нормандия қаласында өткен бүкіләлемдік гимназидаға әлемнің 70 елінен 3 500 оқушы бақ сынасты. Оның ішінде Қазақстан құрама командасының сапында Шымкент қаласынан 18 спортшы қатысты. Бұл тұста мұхит асып ел намысын қорғауда аянбаған жас спортшыларды жақындары мен мектеп мұғалімдері және жаттықтырушылары қуанышпен қарсы алып, өз қолдауларын білдіріп, лайықты түрде сый сиапаттарын табыстады. Айта кетейік, биылғы дүниежүзілік 19 жазғы гимназиадада Қазақстан Құрамасы 34 алтын, 32 күміс, 21 қола жүлдені еншілеп отыр. Сайысқа биыл мемлекетіміз алғаш рет қатысып отыр. Өз кезегінде бұл нәтиже жақсы көрсеткішті айқындайды. Жалпы командалық есепте еліміз 3 орынға қол жеткізді. Бұның ішінде шымкенттік спортшылардың үлесі басым болып отыр. Бұл тұста чемпиондардың ұстаздары мен жаттықтырушылары оқушыларын мақтан етіп, қолдан келгенге қолдау білдіретіндерін алға тартып отыр.
ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ
Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...










