
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай іс-сапармен Шымкентке келді. Сапар мақсаты — қаламыздағы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныс-өтініштерін назарға алу болып отыр. Осы тұста Қайрат Орынбайұлы мемлекет тапсырмасына сәйкес қаладағы бірқатар кәсіпкерлермен жиын өткізді. Жиында Шымкенттік кәсіпкерлер ерекше белсенділік танытты. Яғни, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салып кәсіпкерлер қауымдастығымен тығыз байланыс жасады. Белгілі болғандай кәсіпкерлер мәжілісінде бизнес нысандарына қажетті жер, субсидия бұдан бөлек қаржы мәселелері қаралды. Ендігі жерде елордадан келген сала жауаптылары кәсіпкерліктің дамыту сәтінде тиісті жұмыстардың уақытылы атқарылып, жүзеге асырылатынын алға тартып отыр.
ШЫМКЕНТТІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте Құрылтай сайлауы өзгеше көңіл-күймен өтті. Азаматтық таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында ұлттық нақыштағы және ерекше киім үлгілерімен көпшіліктің назарын...











