«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Өңір осы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бірінші орында. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Биыл 5 айда ауыл шаруашылығында 200 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,52%-ға артты. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тамақ өндірісіне 5,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл егіс көлемі 850 мың гектарға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 5500 гектарға ұлғайды», – деді Ө.Шөкеев.
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...









