ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын күтіп-баптауға арналған «Зират және зиярат ету мәдениеті» тазалық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Қамқор-Шарапат» мекемесінің Шымкент қаласындағы өкілі Ербосын Орын және аудан имамдары мен ерікті жастар қатысты.
Аталған тазалық шарасы аясында үш ай бойы шаһар аумағында 36 мұсылман зиратында тазалық өткізілді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық және техникалық қолдауымен жүргізіліп, ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен насихатталды.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...












